Ыстық тамақ

Автор: admin от 7-12-2022, 01:51, посмотрело: 22

0

«Алматы облысы білім басқармасының  Кеген ауданы бойынша білім бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің «С.Бейсембетұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Ыстық тамақпен оқушыларды қамтамасыз етуді ұйымдастыру туралы мәлімет


2022-2023 оқу жылы


Жаңа оқу жылында мектебімізде 356 оқушыны құрады. Мектепте тегін ыстық тамақьты ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығы 10-қосымшасының «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидасын, «Алматы облысы білім басқармасының Кеген  ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 01 қыркүйек   №115\1  бұйрығын басшылыққа ала отырып мектепішілк бұйрық шығарылды. Мектепте мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне сәйкес құжаттар жинақталып, журналға толтырылды. Сонымен қатар, мектепте тегін ыстық тамақпен қамтылатын оқушылар тізімі бекітіліп, құжаттар рәсімделіп, ыстық тамақ ішетін оқушылардың тізімі бекітілді.

Қыркүейк айы бойынша ыстық тамақ ішетін оқушылардың саны 80 оқушыны  құрап отыр. Арендатор есебінен 5 оқушы ыстық тамақпен қамтылды. Оның ішінде 1-4 сынып оқушыларының саны 45 болса, 5-9-11 сынып оқушыларының саны 40 құрайды. 

Асханада барлық санитарлық-гигиеналық талаптар сақталған. 

Оқушылардың тамақтану кестесіне сәйкес уақытылы тамақтануы және күнделікті берілетін тамақтың сапасы, құрамы, температурасы   әлеуметтік педагог пен мектеп мейірбекесі бақылап, тексеріп отырды. Әсіресе, оқушылардың денсаулығына қауіпті астардың болдырмауы мен уланудың  алдын алу үшін мектептің әлеуметтік педагогы мен мейірбекесі күнделікті мәзірден сынама   жүргізеді. Сонымен қатар, асхананың жалпы тазалығы, қол жуатын орынның талапқа сай болуы, асханада тиым салынған заттардың сатылымға шықпауы және асхана қызметкерлерінің жай-күйі мен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуы (арнайы киім формасының болуы, тазалығы т.б.)   бақылауда ұсталынады және кемшілік байқалған сәтте ескертулер беріледі. Асханада қол жуатын орында сабын, асхана залында сағат, температура өлшегіш құрал мен тіркеу журналы, ас мәзір бұрышы, ата-аналардың арыз-шағым, ұсыныс жазатын журналдары  бар. 


Әлеуметтік педагог                 Қыдырәлі А

Категория: ---