қамқоршылық кеңес

Автор: admin от 29-09-2022, 00:37, посмотрело: 53

0

«Алматы  облысы білім басқармасының Кеген  ауданы бойынша  білім бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің   «С.Бейсембетұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ 

Қамқоршылық кеңесі

І - отырысының хаттамасы

          Мерзімі: қыркүйек                                       Қатысқандар: 12  адам   (қамқоршылық   кеңесінің мүшелері,  шақырылған   ата - аналар,   педагогтар)


                                              Күн тәртібі:

1 . Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібі 

2. Мектеп асханасында берілетін ыстық тамақ 

          3.Әртүрлі сұрақтар


Тыңдалды:


-   Қамқоршылық кеңесінің төрайымы   Мамытбеков Қ.   Қамқоршылық кеңес мүшелері 8 адамнан құралады деп, оларды атап өтті. 


     -   Күн тәртібіндегі  бірінші мәселе бойынша :   Мамытбеков Қ.   білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны
 
сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары және олардың  ж алпы ережелерін атап айтты

      1. Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымындарында Қамқоршылық кеңесінің (бұдан әрі - Қамқоршылық кеңес) жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібін айқындайды.

      2. Қамқоршылық кеңес Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы, медициналық және фармацевтикалық оқу орындарына, мемлекеттік емес білім беру ұйымдарына, сондай-ақ акционерлік қоғам нысанында құрылған мемлекеттік коммерциялық емес білім беру ұйымдарын қоспағанда білім беру ұйымдарында құрылады.



       Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша, Әлеуметтік педагог Қыдырәлі Аман 2022-2023 оқу жылына асхананың дайындығын және санитарлық талаптарын айтып өтті. Биылғы оқу жылына  категориядағы 80 оқушы ыстық тамақпен қамтылатынын айтты, 1-ші ауысымда 29, 2-ші ауысымда 51 оқушы тамақ ішеді.  ыстық тамақтың талапқа сай екенін анықтау мақсатында  асханаға комиссия мүшелері тағайындалды.






Шешімі:


1. Кеңеске қатысқан барлық мүшелері сайлау тәртіптерін және өз құқықтарын білді.

2. Ыстық тамақ ішетін оқушыларды қадағалау және комиссия мүшелерінің тиянақты жұмыс жасауын жалғастыру

3.Әлеуметтік қолдауды қажет ететін ерекше санаттағы отбасыларға қолдауды жалғастыру.

       Қамқоршылық кеңесінің төрайымы:                                   Мамытбеков Қ.

Хатшы:                                                                       Қызайбекова Н.


Мүшелері:

Жаңғабылов Б.

Аумолдаев Б.

Байбатыров Б.

Мұқан Н.

Соқбаев Р.

Қарқабатова А.

Қоқымбаев Р.

Қызайбекова Н.


Категория: