Кезекті ата- аналар жиналысының хаттамасы

Автор: admin от 12-05-2017, 06:55, посмотрело: 18 897

328
Жалпы ата-аналар кеңесінің хаттамасы №1 2016жыл 9 қыркүйек
Қатысқан ата-аналар саны-201
Жиналысқа қатысушылар:
Жалаңаш ауылдық округ әкімі Н. Тұрысбеков, Райымбек АІІБ-нің жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы полиция капитаны Н. Ажибаев, мектепішілік қамқоршылық кеңесі төрағасының орынбасары Н. Қызайбекова, мектепішілік ата-аналар кеңесінің төрайымы Б. Саткулова.
Жиналысты басқарушы - мектеп директоры М. Адинов.
Хатшысы – Б. Саткулова.
Күн тәртібінде:
1.2016-2017 оқу жылының мақсаты мен міндеті туралы. Хабарламашы – М. Адинов .
2. Мектепішілік ата-аналар кеңесі құрамын сайлау
Хабарламашы – мектепішілік ата-аналар кеңесінің төрайымы Б. Саткулова.
3. Мектеп формасы туралы. Хабарламашы-мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Тоқтыманова
4.Ішкі тәртіп ережесі. Оқушылардың өмір қауіпсіздік ережесі. Ата-аналардың міндеттері. Мектеп жарғысымен таныстыру.Хабарламашы- мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Тоқтыманова.
5. «Баланың жанын түсіну – баршаға ортақ»
Баяндамашы – мектеп психологі Ж.Иманбекова
Тыңдалды:
1. 2016-2017 оқу жылының мақсаты мен міндеті туралы. Хабарламашы – М. Адинов : Құрметті ата-аналар! Сіздерді жаңа оқу жылымен құттықтаймын. Биылғы оқу жылында да ата-аналар, сіздермен ынтымақтастықта байланыс жасап, балаларымыздың игілігі үшін біршама жұмыстар атқарамыз деп сенемін.Қазақстандық білім беру мен ғылым жүйесін жаңғыртудың қазіргі заманғы кезеңі әрбір адамның сапалы мектепке дейіңгі тәрбие мен мектептегі білімге қолжетімділігінғ колледж бен университетте жаңа кәсіби дағдаларды алу, зерттеу және шығармашылық құзыреттерін дамыту мүмкіндіктерін көздейді. Республикамызда мектептегі білім беру жаңа кезеңнің алдында тұр. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен «100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру аясында ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеру бағытталған білім беру саласындағы 5 қадам жоспарланған.
2. Мектепішілік ата-аналар кеңесінің құрамын сайлау
Хабарламашы- мектепішілік ата-аналар кеңесінің төрайымы Б. Саткулова. Құрметті ата-аналар, мен де жалпы ата-аналардың атынан сіздерге жаңа оқу жылымен құттықтаймын. Сіздерге отбасыларыңызға берекеғ балаларыңызға амандық тілеймін. Былтырғы оқу жылында сіздермен біршама жұмыстар атқардық. Атап айтсам, «Ашық есік» күндерінде оқушыларымыздың сабақтарына, әр түрлі мерекелік шаралар, «Отбасы күніне»ғ отбасылық спорттық шараларға, қайырымдылық акцияларына, жақсы сауықтыру жұмыстарына қатыстық. Бұл – біздің ата-аналық міндетіміз екенін ұмытпаңыздар. Менің орынбасарларым да менімен жақсы жұмыс жасады. Мамытбеков Қанат құқықтық рейдтерде, Халықова Баян да мерекелік шараларды жақсы ұйымдастырып отырды. Жаңадан құрам сайлайсыздар ма әлде құрам мүшелері қала бере ме соны шешіп алайық.Былтырғы оқу жылында ата-аналар кеңесі біпшама жұмыстар атқарды. Дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акцияға ата-аналар тарапынан демеушілік жасалынады. Қыркүйектің бірінші аптасында «Отбасы күні» мерекесінде ата-аналар әртүрлі мерекелік шаралар, атап айтсам, спорттық ойындарға, «Мерейлі отбасы» байқауына, құқықтық рейдке қатысып жүрміз.
3. Мектеп формасы туралы. Хабарламашы – мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Тоқтыманова. Құрметті ата-аналар! Мектеп формасы туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 ж. 14 қаңтардағы № 26 бұйрығымен орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасының талаптары бекітілді. Мектеп формасының үлгісі және түсі классикалық үлгіні ұстанып, бірыңғай түстердің үйлесімді гаммасын, үш түстен артық емес түстерді қосуға болады. Мектеп формасы туралы сұрақты талқылауға қатысуға және оны жетілдіруге ұсыныс енгізуге ата-аналардың құқығы бар. Оларға мектеп формасын отандық өндірушілерден сатып алу ұсынылады. Қыз балаларға арналған мектеп формасына: пиджак, желет, белдемше, шалбар,классикалық үлгідегі жейде көк түсті, қыз балаларға арналған шалбардың ұзындығы тобықты жауып кең пішіледі. Ер балаларға арналған мерекелік форма ақ көйлекпен, қыз балалар үшін ақ жейдемен толықтырылған күнделікті киетін формадан тұрады деп келіскенбіз. Мектеп формасын өздеріңіз отандық өндірушілерден сатып алыңыздар.
.
4. Ішкі тәртіп ережесі. Оқушылардың өмір қауіпсіздік ережесі. Ата-аналардың міндеттері. Мектеп жарғысымен таныстыру.Хабарламашы- мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Тоқтыманова. Мектепте оқутәрбие үрдісінде жағымды жағдай жасау, мектеп маңы мен мектеп өмірінде оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау, адами құндылықтарды сыйлауға, қоғамда өздерін таныта білуге дағдыландыратын мектеп оқушыларының тәртіп ережелері бар.
5. «Баланың жанын түсіну – баршаға ортақ»
Баяндамашы – мектеп психологі Ж.Иманбекова. Бала дегеніміз -болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда. Ұлт тәрбиесі- ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді, денсаулығы мықты азамат өсіру үшін, мектеп болып ынтымақтасып та атсалысуымыз қажет. Кейін опық жеп бармақ тістемеу үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытының шынайы бағбаны болуға атсалысқан жөн. Бала бақытының кепілі- ата-ананың өнегелі тәрбиесінде.
Жарыссөзге қатысушылар ауыл әкімі Н. Тұрысбеков, Райымбек АІІБ-нің жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы полиция капитаны Н. Ажибаев өз сөздерінде тәртіпті нығайту, ата-ананың жауапкершілігі туралы сөз етті.
Қаулы етеді :
1. 2016-2017 оқу жылының мақсаты мен міндеттерін әр ата-ана есте ұстасын.
2. Мектепішілік ата-аналар кеңесі төрайымы Б. Саткулова, мүшелері Б. Халықова, Қ. Мамытбеков, М. Өтбаев сайлансын.
3. Мектеп оқушыларын көк түсті бірыңғай форма киіндіру әр ата-анаға міндеттелінеді.
4. Әрбір оқушы, ата-ана мектептің ішік тәртіп ережесін, оқушылардың өмір қауіпсіздік ережесін, ата-аналардың міндеттерін, мектеп жарғысын қатаң түрде еске алсын.
5. Әр ата-ана балаларының өмір қауіпсіздігі туралы қолхат берсін. Кешкі сағат 19/00 –ден кейін жасөспірімдер ересектердің қостауынсыз көшеге шықпасын.
6. Туған күн, әр түрлі мерекелік отырыстар үйде өткізілінбесін.
7. Ұялы телефонды оқушылар мектепке алып келмесін.

Категория: Ата-аналарға