қамқоршылық кеңес

Автор: admin от 8-01-2018, 08:34, посмотрело: 7 320

82 zhiber.doc [32,5 Kb] (cкачиваний: 88)

Категория: Ашық орган / Қамқоршылық кеңес

 

Әдістемелік кеңес

Автор: admin от 12-05-2017, 06:58, посмотрело: 6 437

53 Мектепте 7 әдістемелік бірлестік бар. Әр бірлестіктің онкүндіктері жоспарға қойылған.
1. «Мәдениет» технология, сурет, ән-саз, дене шынықтыру,АӘД пән бірлестігінің онкүндігі 12.10.-22.10.2016ж.
2. «Балдырған» бастауыш сыныптар бірлестігінің онкүндігі 14.11.-24.11.2016ж.
3. «Мирас» қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің онкүндігі 01.12-12.12.2016ж.
4. «Пирамида» математика, сызу, физика, информатика пән бірлестігінің онкүндігі 16.01.-26.01.2017ж.
5. «Шежіре» тарих , құқық пән бірлестігінің онкүндігі 01.02-11.02.2017ж.
6. «Словесность» орыс тілі, шет тілі пән бірлестігінің онкүндігі 1.03.-11.03.2017ж.
7. «Бәйтерек» география, химия, биология, өзін-өзі тану пән бірлестігінің онкүндігі 10.04.-21.04.2017ж.

Категория: Біз туралы / Әдістемелік жұмыстар

 

Кезекті ата- аналар жиналысының хаттамасы

Автор: admin от 12-05-2017, 06:55, посмотрело: 18 880

328
Жалпы ата-аналар кеңесінің хаттамасы №1 2016жыл 9 қыркүйек
Қатысқан ата-аналар саны-201
Жиналысқа қатысушылар:
Жалаңаш ауылдық округ әкімі Н. Тұрысбеков, Райымбек АІІБ-нің жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы полиция капитаны Н. Ажибаев, мектепішілік қамқоршылық кеңесі төрағасының орынбасары Н. Қызайбекова, мектепішілік ата-аналар кеңесінің төрайымы Б. Саткулова.
Жиналысты басқарушы - мектеп директоры М. Адинов.
Хатшысы – Б. Саткулова.
Күн тәртібінде:
1.2016-2017 оқу жылының мақсаты мен міндеті туралы. Хабарламашы – М. Адинов .
2. Мектепішілік ата-аналар кеңесі құрамын сайлау
Хабарламашы – мектепішілік ата-аналар кеңесінің төрайымы Б. Саткулова.
3. Мектеп формасы туралы. Хабарламашы-мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Тоқтыманова
4.Ішкі тәртіп ережесі. Оқушылардың өмір қауіпсіздік ережесі. Ата-аналардың міндеттері. Мектеп жарғысымен таныстыру.Хабарламашы- мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Тоқтыманова.
5. «Баланың жанын түсіну – баршаға ортақ»
Баяндамашы – мектеп психологі Ж.Иманбекова
Тыңдалды:
1. 2016-2017 оқу жылының мақсаты мен міндеті туралы. Хабарламашы – М. Адинов : Құрметті ата-аналар! Сіздерді жаңа оқу жылымен құттықтаймын. Биылғы оқу жылында да ата-аналар, сіздермен ынтымақтастықта байланыс жасап, балаларымыздың игілігі үшін біршама жұмыстар атқарамыз деп сенемін.Қазақстандық білім беру мен ғылым жүйесін жаңғыртудың қазіргі заманғы кезеңі әрбір адамның сапалы мектепке дейіңгі тәрбие мен мектептегі білімге қолжетімділігінғ колледж бен университетте жаңа кәсіби дағдаларды алу, зерттеу және шығармашылық құзыреттерін дамыту мүмкіндіктерін көздейді. Республикамызда мектептегі білім беру жаңа кезеңнің алдында тұр. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен «100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру аясында ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеру бағытталған білім беру саласындағы 5 қадам жоспарланған.
2. Мектепішілік ата-аналар кеңесінің құрамын сайлау
Хабарламашы- мектепішілік ата-аналар кеңесінің төрайымы Б. Саткулова. Құрметті ата-аналар, мен де жалпы ата-аналардың атынан сіздерге жаңа оқу жылымен құттықтаймын. Сіздерге отбасыларыңызға берекеғ балаларыңызға амандық тілеймін. Былтырғы оқу жылында сіздермен біршама жұмыстар атқардық. Атап айтсам, «Ашық есік» күндерінде оқушыларымыздың сабақтарына, әр түрлі мерекелік шаралар, «Отбасы күніне»ғ отбасылық спорттық шараларға, қайырымдылық акцияларына, жақсы сауықтыру жұмыстарына қатыстық. Бұл – біздің ата-аналық міндетіміз екенін ұмытпаңыздар. Менің орынбасарларым да менімен жақсы жұмыс жасады. Мамытбеков Қанат құқықтық рейдтерде, Халықова Баян да мерекелік шараларды жақсы ұйымдастырып отырды. Жаңадан құрам сайлайсыздар ма әлде құрам мүшелері қала бере ме соны шешіп алайық.Былтырғы оқу жылында ата-аналар кеңесі біпшама жұмыстар атқарды. Дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акцияға ата-аналар тарапынан демеушілік жасалынады. Қыркүйектің бірінші аптасында «Отбасы күні» мерекесінде ата-аналар әртүрлі мерекелік шаралар, атап айтсам, спорттық ойындарға, «Мерейлі отбасы» байқауына, құқықтық рейдке қатысып жүрміз.
3. Мектеп формасы туралы. Хабарламашы – мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Тоқтыманова. Құрметті ата-аналар! Мектеп формасы туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 ж. 14 қаңтардағы № 26 бұйрығымен орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасының талаптары бекітілді. Мектеп формасының үлгісі және түсі классикалық үлгіні ұстанып, бірыңғай түстердің үйлесімді гаммасын, үш түстен артық емес түстерді қосуға болады. Мектеп формасы туралы сұрақты талқылауға қатысуға және оны жетілдіруге ұсыныс енгізуге ата-аналардың құқығы бар. Оларға мектеп формасын отандық өндірушілерден сатып алу ұсынылады. Қыз балаларға арналған мектеп формасына: пиджак, желет, белдемше, шалбар,классикалық үлгідегі жейде көк түсті, қыз балаларға арналған шалбардың ұзындығы тобықты жауып кең пішіледі. Ер балаларға арналған мерекелік форма ақ көйлекпен, қыз балалар үшін ақ жейдемен толықтырылған күнделікті киетін формадан тұрады деп келіскенбіз. Мектеп формасын өздеріңіз отандық өндірушілерден сатып алыңыздар.
.
4. Ішкі тәртіп ережесі. Оқушылардың өмір қауіпсіздік ережесі. Ата-аналардың міндеттері. Мектеп жарғысымен таныстыру.Хабарламашы- мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Тоқтыманова. Мектепте оқутәрбие үрдісінде жағымды жағдай жасау, мектеп маңы мен мектеп өмірінде оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау, адами құндылықтарды сыйлауға, қоғамда өздерін таныта білуге дағдыландыратын мектеп оқушыларының тәртіп ережелері бар.
5. «Баланың жанын түсіну – баршаға ортақ»
Баяндамашы – мектеп психологі Ж.Иманбекова. Бала дегеніміз -болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда. Ұлт тәрбиесі- ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді, денсаулығы мықты азамат өсіру үшін, мектеп болып ынтымақтасып та атсалысуымыз қажет. Кейін опық жеп бармақ тістемеу үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытының шынайы бағбаны болуға атсалысқан жөн. Бала бақытының кепілі- ата-ананың өнегелі тәрбиесінде.
Жарыссөзге қатысушылар ауыл әкімі Н. Тұрысбеков, Райымбек АІІБ-нің жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы полиция капитаны Н. Ажибаев өз сөздерінде тәртіпті нығайту, ата-ананың жауапкершілігі туралы сөз етті.
Қаулы етеді :
1. 2016-2017 оқу жылының мақсаты мен міндеттерін әр ата-ана есте ұстасын.
2. Мектепішілік ата-аналар кеңесі төрайымы Б. Саткулова, мүшелері Б. Халықова, Қ. Мамытбеков, М. Өтбаев сайлансын.
3. Мектеп оқушыларын көк түсті бірыңғай форма киіндіру әр ата-анаға міндеттелінеді.
4. Әрбір оқушы, ата-ана мектептің ішік тәртіп ережесін, оқушылардың өмір қауіпсіздік ережесін, ата-аналардың міндеттерін, мектеп жарғысын қатаң түрде еске алсын.
5. Әр ата-ана балаларының өмір қауіпсіздігі туралы қолхат берсін. Кешкі сағат 19/00 –ден кейін жасөспірімдер ересектердің қостауынсыз көшеге шықпасын.
6. Туған күн, әр түрлі мерекелік отырыстар үйде өткізілінбесін.
7. Ұялы телефонды оқушылар мектепке алып келмесін.

Категория: Ата-аналарға

 

Сапалық құрам

Автор: admin от 12-05-2017, 06:44, посмотрело: 3 108

58 Мектепте 54 мұғалім, оның ішінде 3 мұғалім декреттік демалыста, жоғарғы білімді-52, аяқталмаған жоғары-2. Жоғарғы санатты-5, бірінші санатты-19, екінші санатты – 18 , санатсыз – 12.
Техникалық қызметкерлер саны- 28.

Категория: Біз туралы / Әдістемелік жұмыстар

 

Мерекелік іс -шаралар

Автор: admin от 12-05-2017, 06:41, посмотрело: 4 768

66 Мектепте дәстүрлі мерекелік іс-шаралар, пәндік семинарлар өткізіліп тұрады. Атап айтсақ, ұстаздар күні, отбасы күні, қарттар күні, Тәуелсіздікке арналған кеш, жаңа жылдық шаралар т.б.
Өтілген шаралардың сценарийлері:
Күзгі бал мерекесінің бағдарламасы.
Мақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екеніні оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.
Жоспары:
1. Таныстыру .
2. Өнер сайысы.
3. Білгенге-маржан (сұрақ-жауап)
4. Көрініс.
5. Жарнама.
6. Хан мен Ханшайымның сән үлгісі (өз шығармашылықтары)
7. Бал биі.

Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқушылар! «Арайлы алтын күз» атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер. Бәрекелді, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз-жазтра даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз- байлық, молшылық.
Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!
Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!
Бүгінгі біздің бағдарламамызда:
Келтіретін ардайым сезім күйін,
Көресіздер қызықтың неше түрін
Әншінің анықтаған әнін естіп,
Көңіліңіз қалары хақ бір серпіліп.
Осылай бәрі-бәрі болып жатса,
Мақсатқа қалар едік біз де жетіп.

Күз мейрам құтты болсын баршаға,
Күздің сәні келіп қапты ортаға.
Әділқазы алқалармен таныстырып,
кетейінші осы отырған баршаңа,-дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.

Қош келдіңіз көрермен,
«Күзгі бал» сын-кешіне
Отырыңыз қол соғып,
Шат күлкіге бөлене.
Көбейді құт-береке,
Астық толы қоймамыз
Құтты болсын мереке,
«Алтын күзді» тойлаймыз.
Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, «Арайлы алтын күз» атты сайысымыздың бірінші бөлімді
таныстыруға кезек берейік

Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,
Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын
Ағашта жапырақтар сылдырлайды,
Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.
Сары алтын батсайыдай дала мидай,
Үйілген мая-мая қызыл мидай
Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,
Жайнайды жаратылысберген сыйдай,-деп Сәкен Сейфуллин ағамыз алтын күзді керемет шабытпен сары алтынға теңеп жырлаған екен. Қазақ өнер десе ішкен асын жерге қоятын халық қой.

Ендеше, құрметті көрермендер

Асыл тастан, өнер жастан,
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалт айтпас,
Әрқашанда нанымзы
Сол шындықты күнделікті,
Көріп жүрміз өмірден
Өнерімен танысайық,
Тілекші боп көңілден.

Ортада сайыскерлеріміздің өнерлерін тамашалайық

Білім аққан сел дейді,
Бірақ оңай келмейді.
Ала білсең білім көп,
Ақыл ойға кел дейді
Білім ой мен арымыз,
Рухани ол ніріміз
Сайыскерлер сіздерге,
Қол соғамыз бәріміз!
Келесі бөліміміз «Білгенге маржан»деп аталады.
Сұрақ - жауап кезеңі


О заманда қазақ өнер сырын,
«Өнер жастан» жаныңдар
Шақырған сайыстарға бірі-бірін
Өнерпаздар – дарындар
Көрейік тамашалап, көрермендер,
Көрсетсін сайыскерлер өздер ідайындаған көріністерін тамашаласақ

Алтындай сылдырлайды күздің үні,
Жібектей майда шуақ алтын күні. - демекші ендігі кезекте әр топ өздері жарнама ұсынады.

Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз жанымен
Өз қолынан шығарған киім үлгісін
Сіздерге көрсетеді өз сәнімен.

Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар біздің сұлу да сүйкімді ханшаларымыз бен салмақты да сымбатты ханзадаларымыз өздерінің сән үлгісімен таңқалдырып, бал биімен қуантсын.

Қатысушылармыз өз тапқырлықтарын, шешендіктерін білдірсе, арайлы алтын күзіміздің жүлдегерлерін анықтайық. Кезекті әділқазылар алқасына береміз.

Білім- теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,
Әдемі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа жетелейміз.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,-деп отырып бүгінгі «Арайлы алтын күз» атты кешімізді аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше, достар!!!

Отбасылық сайыс «Үлгілі отбасы»
Мақсаты: Ата - аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт - дәстүрі туралы білімдерін байқау. Ән - би, қолөнер тәрізді халықтық өнерден хабардарлығын анықтау. Отбасы - Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Түрі: Ата - аналар мен балалардан құралған командалар арасындағы сайыс түрінде өтеді.

Көрнекілігі: Отан, отбасы, ынтымақ - бірлік туралы мақал - мәтелдер, әр отбасына арналған слайд - шоу

Барысы:

Жүргізуші:
Атамыз қазақ «Бала - адамның бауыр еті», «балалы үй - базар» дейді. Өйткені бала - өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан - жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Үлгілі отбасы» атты жарысымызға қош келдіңіздер.

Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойында ақыл сана
Көркіне ақылы да сай келетін
Үлгілі отбасылар ортамызда.


Сайыс кезеңдерімен таныстыру
1. Таныстыру
2. Өнер сайысы
3. Актерлік шеберлік
4. Ситуациялық сұрақтар.
5. Хобби.

Жүргізуші:

Келді міне бүгін сынауға
Сыналып үлкендерден үлгі алуға
Салты бар өнерлі осы ортада
Берер деп әділқазы әділ баға, - деп әділ қазыларды таныстырып өту.

І кезең - ТАНЫСТЫРУ
Отбасымыз келіп жетті танысуға,
Сыпырды томағасын осы дұға
Қызып келген қырандай керілтеді
Әдеппенен, ізетпен танысуға
Әрбір отбасы өздерін таныстырып өтеді.




ІІ кезең – ӨНЕР ЖАРЫСЫ
Кедеймін деп қысылма
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатар жолында - демекші ата - ана мен бала арасындағы өз өнерлерін тамашалайық.
Әрбір отбасы өз өнерлерін көрсетеді

ІІІ кезең – АКТЕРЛІК ШЕБЕРЛІК
Ата-ана деген тіршіліктің иесін
Сыйлайтынын адал бала білесің
Өмір балын тамызар да ерніңе
Шымырлатып еріткен бар жүйесін- деп сайысымыздың 3 бөлімі – Актерлік шеберлік.
IV кезең – СИТУАЦИЯЛЫҚ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП ТАБУ
Тыңдаңыздар халайық!
Босқа қарап тұрмайық
Кезегі енді сайыстың
Сұраққа жауап табайық!- сайысымыздың 4 бөлімі бойынша жағдаяттар сұраққа жауап беру.

V. кезең – ХОББИ
Ана - бала, бала - ана бір ұғым
Бір – бірінсіз жоқ олардың бақыты
Омыртқаның үзбеу үшін жұлынын
Екеуінің өтсін бірге уақыты - дей келе сайысымыздың келесі кезегі ата-аналарымыз бос уақытында ермек қылатын сүйікті істерімен таныстырып өтсін.
Ән
Қорытынды Әділ - қазыларға сөз беру
Құрметті ата- аналар және қонақтар, балалар! Бүгінгі «Үлгілі отбасы» атты сайысымыз өз мәресіне жетті, барлықтарыңыздың отбасыларыңызға бақыт, береке және бірлік тілейміз

Қарттарым – асыл қазынам
Мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.
Жүргізуші: Рахат
Көп жасаған қария-
Ақылы теңіз дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Зымыраған сағат тілінің шексіз тықылдап соғуына мән бермеген біз уақыттың қалай жылдам өтіп кеткенін сезбей қалыппыз. Міне, алдымызда 1- қазан қарттар күні мерекесі келді. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
. Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Бүгін мектебімізде қарттар күніне орай «Қарттарым – асыл қазынам» атты кеш өткізгелі отырмыз. Олай болса осында отырған аталарымыз бен апаларымыздың мейрамы құтты болсын! Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры Адинов Марат ағайға береміз.
Жүргізуші: Қуандық
Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, инабат тағылымымен үлкендерге деген қарым-қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асырылуына байланысты. Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында.Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда.
Қай жерде де ата-анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте жарамайды. Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік құқы бар.
Бұл моральдік құқыны құрметтей білу керек.
Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке-шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол-үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса, қартайған ата-анасы оның отбасының құты болып табылады.
Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.
Ән: «Әкешім, анашым» орындайтын: Әмет Алихан.
1-оқушы: Тұрсынғожа Диана
Сәл еңкейген нұр жүзінен әл тайып,
Қуат кетіп бара жатыр қартайып.
Отбасында, бала – шаға қасында
Ата- әжелер жүр ғой шіркін қалқайып.
Көңіл жетім болмаған соң сыңары,
Жас баладай жаутаңдаған жанары,
Қайта – қайта қарағың кеп тұрады,
Қағыс естіп қалбақтайды баладай.
Мәпелеңдер қарт біткенді аялап
Ниеті ақ, көңілі кең даладай,
Кімге болсын қарттық жетер аяңдап.
2-оқушы: Назар Зікіролла
Ақиқатты айқындап жариялар
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса бүлк етіп толқымайтын
Бара жатыр сарқылып дариялар.
Неменеңе жетістің, бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп әнеки жағада тұр.
Ақыл айтып жүрмесе қасымызда,
Сонда орнайды жетімдік басымызға.
Жалаңашқа шекпенін шешіп беріп,
Бір күлшесін бөліскен ашымызға.
Неменеңе жетістің, бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр…
3-оқушы: Оразалы Айзада
«Реніш» (Мұқағали Мақатаев)
Әй, балам – ай,
Шамалы – ау түсінігің,
Қандай болар, білмеймін кісілігің…
Жаңа ғана қайтқандай жерлеп мені
Жауар күндей қабағын түсіруін!
Әй, балам – ай, шамалы – ау түсінігің…!
… Жоқ, балақай!
Мен сендей боп өспедім!
Мына мінез – мінезім емес менің.
Адамдардан қарым алу үшін
Не көрмедім, өмірде не кешпедім.
Аяры жоқ адуын жауыздықтан
Алып шықтым арымды тамыздықтап.
Амалым не жастықтың кер тұлпарын
Тасқа қамап тастадым ауыздықтап.
Қиып түсер қыршын ем алмасы көп,
Қидым бәрін сен өксіп қалмасын деп.
Мінезің – ай, балам – ай, мінезің – ай,
Кетпегей – ді мерт етіп, жарға сүйреп.
Жүргізуші: Рахат
Бабалар сөзі – кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен – билерден, ақын – жыраулар мен сал – серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы. Біздің ата – бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлықтай тамаша тәлім – тәрбие берерліктей өсиет сөздер бар.
Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор. Олар ең алдымен балаға тіл игеруге көмектеседі. Көшеде жүргенде ортадан үйренген қолайсыз сөздерге тыйым салады. Бұның бәрі – тәрбие. В. А Сухомлинский: «Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да қақысы бар. Бұл моральдық қақыны құрметтей біл »,- деп айтқан.
Би: «Жезкиік» .
Көрініс:
Оқушы: Бүгін біздің сүйікті атамыз Мақалбай бізде қонақта. Ол бізге бар мейірін, бар ақылын төгіп келіп отыр. Мақалбай ата, ендігі сөз өзіңізде.
Мақалбай ата: Нарынбек
Ата – анаңды құрметтесең,
Сенде жақсылық игілік көресің
Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер
Ата – бәйтерек,
Бала – жапырақ
Әке – асқар тау,
Ана – бұлақ,
Бала жағасындағы құрақ.
Қарияларды ардақтап өтсең, құрметтесең,
Қартайғанда сені де етер ізет.

Мақалбай ата: Бәрекелді, өздерің шеттеріңнен шешен екенсіңдер ғой!
Үлкендерді құрметтеуге арналған қандай мақал – мәтел білесіңдер?
Оқушылар жауабы тыңдалады.
1-оқушы: Үлкенге үнемі сәлем бер. /Қуандық/
2-оқушы: Үлкенге қарсы шықпа /Рахат/
3-оқушы: Үлкеннің батасын қабыл ал. /Айзада/
4-оқушы: Атаға бөлінгендер адыра қалады. /Жанат/
Көпті қорлаған көмусіз қалады.
5-оқушы: Үлкен кісіні ренжітпе. /Мерей/
6-оқушы: Ауылыңда қария болса, /Бүлдіршін/
Жазып қойған хатпен тең.
7-оқушы: Кәрі келсе асқа, /Қуандық/
Жас келсе іске.
8-оқушы: Кәрі, кәрінің сөзі – дәрі. /Рахат/
9-оқушы: Ақылды қария – ағып жатқан дария. /Айзада/
Мақалбай ата: Ал, балаларым, жарайсыңдар! Енді өздеріңе ақ батамды берейін.
Сабағыңды оқы беске,
Жақсылығың жетсін көпке
Балалар үйінің қуанышы бол,
Бауырыңның жұбанышы бол.
Сенімін ақта үлкендердің,
Түлесін көктеп мекенің!
Жүргізуші: Қуандық
Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар.
Ұлықпан Хакім мың жасаған дейді, ешкім мың жасамайды, тек өсіп-өнген,
тәрбиелі ұрпағымен мың жасайды. Ия, ұрпағының өсіп, жетіліп, айналасына
үйіріп отырған көреген қарияда не арман бар?
Қазақтың басқа халықтардан айырмашылығы – “Ұрпағым” деп шыр-пыр
болатыны. Ол үшін көзсіз көбелектей отқа түсетіні. Бұл- біздің ең ұлы
ұлттық қасиеттеріміздің бірі. Ал ұрпақтың ата-ана алдындағы борышын
өтеу үшін жасап жатқан ынта-жігері мемлекеттік деңгейде қолдау тауып,
зейнеткерлерге жағдай жасау. Президентіміздің жыл сайынғы халыққа
жолдауында арнайы қаралып, оларға қамкорлық ел экономикасының өсімімен
қатар өсіп келеді.
Ән: «Әке» орындайтын Әмет Алихан:
4-оқушы:
Атам менің әманда,
Әдепті жан бол деген
Атам сөзі санамда,
Жасы үлкенге жол берем.
Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпе көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.
5 – оқушы:
Атам менің әманда,
Кішіпейіл бол деген
Ата сөзі санамда
Мақтанбауды жөн көрем.
Қалдыратын ұлтқа
Жалған сөзге төзбеймін.
Жеткізеді мұратқа,
Тек шындықты көздеймін.

6-оқушы:
Атам менің әманда
Әділетті бол деген,
Ата сөзі санамда
Жүрмін тура жолменен
Ей, тәкаппар дүние
Маған да бір қарашы
Танимысың сен мені?
Мен қазақтың баласы
7- оқушы:
Атаң болса анаңмен
Алтыннан соққан қорғанмын
Санаң болса ақылды,
Ешкімнен кем болмадың
Інің болса мақалшы
Семсер қылыш білегің
Ақылды қыз, ақылды ұл-
Өкпе, бауыр, жүрегің.
8 -оқушы: Ақбота
Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара-пар
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!
Ән: «Ана» орындайтын: Мұқаш Жансая
Жүргізуші: Рахат
Жас ұлғайып, кәрілік кезеңге аяқ аттау – қазақ қауымын қай уақытта да
ойлантып, толғандырған. Өзі де дәулетті әулеттен, не ішем, не кием деп бас
қатырмай ән қанатына тербелген Біржан сал:
«Әудем жер баса алмаймын аяғымнан,
Ұстаймын екі қолдап таяғымнан.
Кәрілік келіп қалдың қай жағынан?»-деп жырласа, Абай атамыз да: «Қартайдық,
қайғы ойладық, ұлғайды арман», - деп күңіренген.
Ащы айқайымен Сыр бойын ұйқыдан оятқан ер Нартай да:
«Қартайдым, елім, қартайдым,
Келе де береді жантайғым»,- демеп пе еді.
Ия, кәрілік дегенің, бажайлап көрсең, қуанышы аз кезең сыңайлы. Дегенмен өлі
арыстаннан тірі тышқан артық дегендей, бір- бірімізге ұзақ ғұмыр тілеп,
«жүз жаса», «жағың түскенше, жаманшылық көрме», «шөбереңнің алақанынан
су іш» деп жатамыз.
9 -оқушы: Айдана
Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз. Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір – қасиеті ше! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау – өз болашағыңды сақтау.
Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады.
Көрініс : «Қарт пен немере»
Ата- Нарынбек Келіні -Айзада Әкесі - Дархан Баласы - Қуандық
Орыс жазушысы Лев Толстойдың «Қарт пен немере» мысалы естеріңде ме? Бір үйде төрт адам. Ата, бала, келін, немере. Кәрі кісі тәрелкені сындырып алады деп, келіні атасына тамақты темір табақпен береді. Бір күні шалдың немересі ағаш жоныпты.
Әке-шешесі:
-Балам, не істеп отырсың?- деп сұрайды.
- Ертең сендер қартайып, атам сияқты болғанда тамақ ішетін ағаш астау жасап отырмын, – депті баласы. «Әкесін сыйламағанды, баласы сыйламайды»,- деген бар емес пе? Ата-анаға қатыгездік жасаған адам дүниедегі ең күнәсі көп, адамдық ардан безген жан болып саналады. Қазақ халқында ондай пенделер қатаң жазаға, қатты қарғысқа ұшыраған.
Алайда, «Ананың көңілі – балада, баланың көңілі – далада», – демекші, өзінің перзенттік борышын түсінбеген, сөйтіп, ата-анасын жерге қаратып, көкіректерін қарс айырғандар бұрын да болған, қазір де жоқ емес.

Жүргізуші: Рахат
Бүгінде кейбір жастар ата-анаға ақша жағынан қарасуды өздерінің перзенттік борышын өтегендік деп біледі. Мұны әке-шешесін аңыратып, ат ізін салмай кеткендер мен жалғыз басты қарттарын кәрілер үйіне тапсыруға дәті барған жүзіқараларға қарағанда адамшылыққа баласақ та, оның да оңып тұрмаған қате түсінік екені айқын.
Ата-анаға қажетті – баласынан күтері жалғыз материалдық жәрдем бе екен? Қайта, ата-анасы баласымен бірге тұруға болмаған күнде, жиі-жиі көрісіп, жүзбе-жүз отырып әңгімелесіп, мейірін қандыруды, баласын, келіні мен немерелерін көріп, көңілдері көншуін, олардың сый-құрметін көріп, тәңірге шүкіршілік етуді аңсамай ма?! Дүниеге бала әкеліп, оны азаптанып өсіріп, енді соның қызығын, қызметін көре алмай, тірідей суынып, қайырылмай кеткен баласын аңсай-аңсай, дүниеден өткен кәрі әке-шеше қайғысынан артық қайғы бар ма?!
Абайдың: «Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік», – дейтіні содан шығар.
Ата-ананың сөзін сыйлап, құлақ асу, пікірлес болу отбасы тіршілігінің бір ғанибеті ғой. Сол арқылы-ақ бала ата-анасының мейірін өсіріп, өз ортасында төрден орын алуына көмектеседі. Керісінше, ата-ананың сөзін құлаққа ілмейтін, өзі тағы жөн білмейтін жетесіз бала олардың сағын сындырып, төрдегі басын есікке сүйрейді.
Жүргізуші: Қуандық
«Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!

Категория: Іс-шаралар

 

Сарсенбай Бейсембетұлы атындағы орта мектеп

Автор: admin от 12-05-2017, 06:30, посмотрело: 10 054

132

Жалаңаш ауылына 1905 жылдан бастап Ресейдің Ставрополь өлкесінен Столыпиннің реформасына байланысты көптеген қоныстанушы орыс ағайындар көшіп келе бастаған. Олар ең шұрайлы жерлерді таңдағанда алдымен Алматы, Талғар, Шелек сияқты қалалы жерлерге орналасты. Ал оған сыймаған шаруалар ілгері жылжи берген. Жалаңашқа келгендері бірден үй салуға кірісіпті. Өйткені қарағайы жақын жерден материалды тез дайындап алуға болады. Сөйтіп 4-5 көшелі село пайда болған. Ол көшелер: Шабалдин, Байдаяный, Черков, Кошкараев, Решетников көшелері деп аталды. Осылардан
Шабалдин, Байдаяный, Черков, Кошкараев, Решетниковдың ұрпақтары осы күнге шейін селомызда тұрады.
Жақын маңдағы қазақтар бұрын ағаштан салған үйді көрмегендіктен оны қала деп атапты. Орыстар Қарабұлақтан, Меркіден диірмен салып ,Ағанас жазығын егіс алқабына айналдырды.
1917 жылы ревалюциядан кейін байқұлақтар ретінде олардың жағдайы бұрынғыдай болиай, көбі тәркіленіп, енді біразы келген жағына қарай және Қарақолға көше бастады. Жалаңаштың бейлеушісі Черков Меркідегі «Көктаста» тастан ұшып өліпті. Атаман Александров үй-жайын тастап шетелге қашып кетті. Көпшілігі басқа жақтарға көшіпте үлгерді. Үйлері ауыл кедейлеріне тегін таратылып, Бөбетаев Сағынбек, Медетбеков Жайлаубектер батырақ есебінде босаған үйлерді алған. Тарап кеткен орыстардан қалған кедей кепшіктері Жалаңашта 1930 жылдан бастап ұйымдастырылған «Средигор» деген калхозға мүше болды. Сөйтіп көптеген орыс ағайындар бұл жерге тұрақтап та қалды. 1919 жылы Жалаңашта калхлздың бас бухгалтері болған Попов деген адамның үйі мектепке айналдырылып, тұңғыш Средигор бастауыш мектебі болып ұйымдасты.
Ол мектепте Жаркент қаласынан қысқа мерзімді мұғалімдер дайындпйтын курсты бітіріп келген Жүнісов Бектұрсын, ал 1920 жылы Байғабылрв Қапес сабақ берді. Алғаш бұл бастауыш класта Талдықорған облысының Лепсідегі пед.училищеде оқыған Байдачный Тимофей Дмитриевич оқытушы болған.
1933 жылға дейін 4 классты бастауыш орыс мектебін бітіргендер 7 жылдық мектепке оқуын жалғастыру үшін Шелек, Талғар қалаларына барып оқиды.
1933 жылдан «Средигор» бастауыш мектеп 7 жылдық мектепке айналдырылды. Оған Мәшкеев Қиясбай басшылық жасаған.
Бұл кісіні сол кездегі Алматы облыстық Совет атқару комитетінің бірінші орынбасары С. Бейсембетов сол кезде Алматы облысына қарайтын Аягөз ауданынан Жалаңашқа Средигор мектебіне директор етіп жіберіпті.
1936 жылдан бастап Янько Нина Васильевна деген арнаулы білімі бар мұғалім мектепке басшылық етеді. Онымен бірге қызмет еткен алғашқы ұстаздар Басс Асья Марковна, Загребина Антанина Павловна, Буш Давид Фридрихович, Буш Урсула Ивановна, Тремба Юрий Станиславич, Асылбеков Әбіш, Қоңқашбаев Қажыкендер. 1937 жылдан бастап Жүнісов Мұстафа, 1940 жылдан бастап Асылбеков Әбіш, 1943 жылдан бастап Қоңқашбаев Қажыкен, 1947-1950 жылдан Абдрахманов Ерғазы, 1950-1954 жылдан Петренко И.П., 1954-1955 жылдан Молчанова Е.М., 1956 жылдан Бөлтіріков Қасенбай, 1957-66 жылдары Ни В.И., 1967-1969 жылдан Бөлтіріков Қасенбай, 1969-71 Әлімғазиев С.А., 1972 жылдары Мұсабеков А.М., 1972-83 жыл Варнавская Л.П., 198390 жылдары Искаков К.М., 1989-91 жылдары Нұрлыбав К., 1991 жылдан Медельханова Н.М. мектепке басшылық жасап келді.
1949-50 жылдан бастап дербес 7 жылдық орыс мектеп болып бөлінді. Мектепті басқарған осы директорлардың ішінде Бөлтіріков Қ, мектептің материалдық базасын жақсартуға ерекше еңбек сіңірді. Ағаштан 10-15 бөлмелі 2 жерден мектеп салғызды. Ал оқу тәрбие жұмысын бағдарлама талабына сай ұйымдастыруға, мұғалімдердің іскерлік қабілетін дамытуға талап қоюда: Петренко И.П., Молчанова Е.М., Мұсабеков Ә., Ворнавская Л.П. азаматтар үздіксіз ізденіп, тынбай еңбектенді.
1947-93 жылдардың арлығында оқу ісінің меңгерушілері болып: 1947 жылы Байісов А., 1954 жылы Баранов, 1958-59 жылы Серкебаев С., 1955-65 жылдары Молчанова Е.М., 1960-63 жылдары Байдачная З.Д., 1965 жылдары Абубакиров С.К., 1966-69 жылдары Алімғазиев С.А., 1969-85 жылдары Антонова З.В., 1972-83 жылдары Мұсабеков А.М., 1983-92 жылдары Бугаевская В.И., 1982 жылы Мұқанова З.М. қызмет атқарды.
Ал 1957 жылы мектеп –өз алдына орта мектепке айналдырылды . 1978 жылдан бастап мектеп – интернат қысқарғаннан кейін стандартты мектепке көшірілді.
1936 – 91 жылдар аралығындағы оқушылар саны 1530, мұғалімдер саны -82-ге жеткен. Мектептің техникалық құралдары, мектеп жанындағы кітапханада 16078 дана оқулықтар мен, 411 дана көркем әдебиет кітаптары бар.
Осы мектепте 40 жылдан көп еңбектенген аса тәжірибелі Басс Ася Марковна, Загребина А. П. , Баранов Е. П. , Тремба Ю, Байдачная А.П. , Байдачный Д. Т. , Акинина Т. П., Буш У.И., Туровский И. Ф., Гвоздеева З, Антонова З. В., Молчанова Е. М., Костенко Л. Я., Варнавская Л. П., Жетібаев А. Ж., Маврин П. П., Бугаевская В. И., Мұсабеков Ә. М., Әлдібаев Қ. Ә., Өтегенова Н. Ө., Ибраимов Қ. сияқты ұстаздарды құрпетпен айтамыз.
Мектепті әр жылдарда бітірген түлектерден Серікбаев Дәулет – техника ғылымының кандитаты, Өскемендегі Автөкөлік институтының ректоры, Қазақ ССР Оқу министірінің орынбасары болды. Ол кісі үлкен ЧТЗ, НАТИ соқаларын жұмысқа қосатын бір адамның орнына автоматпен басқаратын құрал ойлап жасап Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алды.
Мектеп түлегі , медицина саласында Республикаға танымал әйгілі ғалым, академик Рысмендиев Әрменнің еңбегі мақтан етерлік.
Сондай-ақ Ұрмұрзина Гүлшара қатардағы дәрігерден Денсаулық сақтау министірінің орынбасары дәрежесіне көтерілді, Жүнісова Әнел, Малдыбекова Раиса т.б. түлектерін елі мақтан етеді.
Мектеп орта мектеп болып құрылғаннан бері уақытта 1747 түлек бітіріп шықты. Оның ішінде 90-ны алтын және күміс медальмен бітіргендер.

Мектептің қазіргі уақыттағы жағдайы
С. Бейсембетұлы атындағы екі қабатты 360 орындық типтік мектеп.
Жалпы аумағы- 2377 шаршы метр
Барлық ғимараттың пайдалы аудан көлемі- 2251 шаршы метр
СЭС талаптарына сәйкес.
Класс компоненті 23, орыс сыныбы-12, оқушы саны- 167, қазақ сыныбы-11, оқушы саны- 221 , барлығы-388.
Мұғалімдер саны-54
Жоғары білімді- 52
Аяқталмаған жоғары білімді-2
Жоғарғы санатты-5
Мамандардың орташа жасы 37
1.01.2008 жылдан шағын орталық жұмыс істейді.
Шағын орталықта - 1 топ 25 бала.
Мектеп бойынша 6 интерактивті тақта, 20 компьютер бар.
Лабороториялар ( химия,физика,биология) толығымен жабдықталған. Демеушілердің көмегімен тұрғызылған шағын футбол және балалар алаңы бар.

Категория: Ақпарат / Біз туралы

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine